Директор блогы

Тасанова Карылгаш Мурадымовна

Блогқа өту

Тәрбие жұмысы бағыттары

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.

1) Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие: патриотизм, Қазақстан, Отан, халық; құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығы; адамаралық және топаралық төзімділік құндылығы; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығы; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципі, құқықтық мәдениет.

2) Рухани-танымдық тәрбие: адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас.

3) Ұлттық тәрбие: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, үлкендерді құрметтеу, табиғатқа ұқыпты қарау; ұлт, интернационализм; тарихты есте сақтау; патриоттық рух; Қазақстан ұлттары мен халықтарының гуманистік құндылықтары; ұлттық сана-сезім.

4) Отбасылық тәрбие: толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу, туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.

5)Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі.

6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие: эстетикалық сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын көркемдік-эстетикалық қабылдау.

7)Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу: білімнің құндылығы; зияткерлік позицияның құндылығы; әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығы; ақпараттылық мәдениеті, кибермәдениет және кибергигиена.

Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық, ішкі жан-дүние интеллектісін дамытуға бағытталуы керек.

8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру: өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы; кәсіби іс-әрекеттің тиімділігі үшін психологиялық тұрақтылық; салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру мәдениеті құндылығы.

Жалпы білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде ( футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын дамыту қажет, мектеп оқушыларының қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадасын және мектеп оқушыларын жаппай спорт түрлерімен қамтуды арттыру.

 

Аңқаты жалпы білім беретін мектебі

Мекенжайы: Аңқаты ауылы, Бейбітшілік көшесі, ғимарат 30

Телефон: ұялы нөмір 87769363411, жұмыс нөмірі 87114393283

Email: ankata2013@mail.ru